Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуерейстер саны артады

20 маусым, 2018, 11:27 1750
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуерейстер саны артады

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының ресми келіссөздері өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы авиарейстердің саны артатын болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Өзбекстан Республикасының Ұшу қауіпсіздігін қадағалау мемлекеттік инспекциясы бастығының орынбасары Олег Лим бастаған өзбек елінің делегациясымен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша әр тарап үшін Астана-Ташкент бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 6-ға дейін және Алматы-Ташкент бағытында аптасына 7-ден 10 рейске дейін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл келісім екі елдің бекітілген әуе компанияларына аптасына 32 рейсті орындауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, бекітілген әуе компаниялар арасында өзара тиімді шарттармен "шер-код" коммерциялық келісімге қол қоюға келісті.

Кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар туризм мен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал етеді және екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттырады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #сауда #экономикалық өсім #келісімшарт

Читайте также

Похожие новости