Қазақстан мен Өзбекстан мультивизалар туралы келісімшартқа  қол қоймақ - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Өзбекстан мультивизалар туралы келісімшартқа  қол қоймақ

14 наурыз, 2018, 15:06 1625 Астана
Қазақстан мен Өзбекстан мультивизалар туралы келісімшартқа  қол қоймақ

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі бұл келісімшартқа қол қою процесін жылдамдатуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан мультивизалар туралы келісімге қол қоймақ. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астанада өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында айтты, деп хабарлайды  BNews.kz.

"Қазіргі уақытта біздің мемлекеттер виза туралы келісіп жатыр. Яғни, Өзбекстан аумағындағы туристер үшін берілетін виза Қазақстанда да жарамды болады. Мұны ортақ виза десек те болады. Қазақстанға келген шетелдік қонақтар Өзбекстанға да бара алар еді", - деді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, туристік ынтымақтастық тұрғысындағы бұл келісімге екі елдің Сыртық істер министрліктері құрылымымен бірлесе қол қойылады.

"Бүгінгі комиссия отырысының соңында келісімге қол қойып, Үкіметке қаулы ұсынамыз. Әрине, уақыт тез өтетіндіктен, біз бұл процессті тездетуіміз керек", - деді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар