Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері екіжақты бірқатар құжатқа қол қойды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері екіжақты бірқатар құжатқа қол қойды

15 наурыз, 10:02 1727 Астана
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері екіжақты бірқатар құжатқа қол қойды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аясында келіссөздер жасалды.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның ресми сапары аясында өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Астанадағы кездесу бойынша бірлескен мәлімдемесі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім және Реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында Тәжікстан Республикасы азаматтарының және Тәжікстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы азаматтарының болу тәртібі туралы келісім;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы әлеуметтік саладағы ынтымақтастық ниеті туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы меморандум.

Ұқсас жаңалықтар