Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды

11 қаңтар, 18:07 1890 Астана
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификацияланды

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті аталған екі ел арасындағы шекараны шегендеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары