Қазақстан мен Түркияға транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану қажет – Назарбаев - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан мен Түркияға транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану қажет – Назарбаев

13 қыркүйек, 2018, 20:01 2982
Қазақстан мен Түркияға транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану қажет – Назарбаев

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстанның маңызды инвестициялық әріптестерінің бірі екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

"Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Сауда-экономикалық байланыстар ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі саналады", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның маңызды инвестициялық әріптестеріміздің бірі екенін айтты.

Қазақстан Президенті екі жақты байланыстарды одан әрі нығайтудың нақты шараларына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін  Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық комиссияның мүмкіндіктерін  тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Жаңа синергия" атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелеріне тоқталып, инвестициялық әріптестікті дамыту перспективалары туралы әңгімеледі.

"Бүгінде Қазақстан "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын жаңартуда. Біз осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Орталық Азиядағы жетекші логистикалық хабқа айналуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, бізге елдеріміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану қажет", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мұнай-газ және әскери-өнеркәсіп салаларындағы қатынастарды нығайту мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде, туризм және ғылыми-техникалық салаларда тиімді байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.

Кеңес барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше мән берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар