Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

20 сәуір, 2018, 10:19 2750
Қазақстан мен Түркияның Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркия Республикасына ресми сапармен келді.

Стратегиялық ынтымақтастық және экономикалық дипломатия Қазақстан СІМ басшысының Түркияға жасаған сапарының басты назарында.

Анкарадағы келіссөздердің назарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға осы жылдың жазында жасайтын алдағы ресми сапарының маңызды мәселелерін зерделеу, деп хабарлайды BNews.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына дайындалуда.

Қайрат Әбдірахмановтың Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлумен болған келіссөздерінің барысында тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Анкараға жасайтын сапарының күн тәртібі мен оның аясында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын үйлестіруді таяу болашақта аяқтауға келісті.

Сонымен қатар бірқатар экономикалық келісім-шарттарды жасау мәселесі пысықталуда. Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары: көлік, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, туризм. Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі дамытуға мүдделі.

Түркия Қазақстанның басым инвестициялық әріптесі болып қалуда. Екі ел үкіметі Президент Ердоғанның өткен жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырумен айналысуда.

2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артып, 1,9 миллиард долларды құрады. СІМ басшысы Қазақстан экономикасын жаңғырту бойынша бастамалар мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы туралы айтты. Қызығушылықты қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туғызды.

Министрлер Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитіне дайындықты және Астанада орналасқан Түркі академиясы қызметін талқылады.

Сонымен бірге келіссөздер барысында тараптар Сирия жөніндегі Астаналық үдерісті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетті.

Сапар аясында қазақстандық делегация Түркия саяси басшылығымен, іскерлік топтардың, сарапшылар қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар