Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласында бірлесіп қызмет атқарады

05 сәуір, 2018, 12:28 3188
Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласында бірлесіп қызмет атқарады

Қос тарап бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану туралы келісім жасады.

Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасында ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану туралы келісім бекітілді. Бұл туралы ақпарат Беларусь үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Беларусь министрлері кеңесінің қаулысымен 2018 жылдың 3 сәуірінде Беларусь Республикасы үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасында бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану туралы №250 келісім бекітілді", - делінген жарияланған құжатта.

Сыртқы істер министрлігіне аталған келісімнің іске асуына қажетті мемлекетінік ішкі процедуралардың орындалуы туралы хабарлама беріп тұру тапсырылды.

Айта кетейік, құжатқа 2017 жылы 13 тамыз күні Астанада қол қойылған.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#халықаралық ынтымақтастық #Беларусь #Үкімет #ғарыш

Читайте также

Похожие новости