Назарбаев қытай телеарнасына сұхбат берді

12 ақпан, 2018, 17:56 1168 Астана
Назарбаев қытай телеарнасына сұхбат берді

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып берді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CCTV қытай телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ "Нұрлы жол" және "Бір белдеу, бір жол" бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді", - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.​​​​​​

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар