Қазақстан Президенті еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын бекітті - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан Президенті еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын бекітті

20 ақпан, 10:04 681 Астана
Қазақстан Президенті еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын бекітті

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының кейбір жарлықтарының күші жойылды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін;

Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын; 

Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын;

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп Қаулы етті Қазақстан Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев                                                        

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 15 ақпан

                     № 636

Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары