Қазақстан Президенті фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті

Написать нам
17 қазан, 2018, 18:35 2352
Қазақстан Президенті фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен "Батырлар кресі" ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына ресми сапарының соңында "Хиетаниеми" мемориалды кешеніндегі Карл Маннергейм бейітіне және фин солдаттарының бауырластар зиратына орнатылған "Батырлар кресі" ескерткішіне гүл шоғын қойып, фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті", - делінген хабарламада.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар