Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне көңіл айтты - Жаңалықтар | BNews

Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне көңіл айтты

14 қараша, 09:35 983 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев Иран президентіне көңіл айтты

Иранның батысындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев жер сілкінісінен қаза болған адамдардың туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, жер сілікінісі Иран мен Ирак шекарасында орын алған. Оның күші 7,2 баллға жеткен. Жер асты дүмпуінің негізгі күші Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинцияларына келген.

Жер сілкінісі салдарынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің кеңесшісі Ержан Мұстафин мәлімдеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар