Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты

07 желтоқсан, 2018, 09:54 2725 Астана
Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жəне оны əрі қарай дамыту мəселелері жөнінде пікір алмасты. 

Мемлекет басшысы ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесуге Əзербайжан Республикасының Президенті  Ильхам Əлиев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян қатысты.

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жəне оны əрі қарай дамыту мəселелері жөнінде пікір алмасты. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Щелкунчик" балетін көрді.

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларымен бірге Мемлекеттік академиялық Мария театрының сахнасында қойылған П.И.Чайковскийдің "Щелкунчик" балетін тамашалады.

Спектакльдің қоюшысы, декорациялар мен костюмдер үлгісінің, сондай-ақ бүкіл көрнекілік концепциясының авторы – Ресей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Шемякин.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар