Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

05 қараша, 2018, 16:22 2296 Астана
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Сессия Астана қаласында өтеді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті биылғы 8 қарашада Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар