Қазақстан шекарашылары дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті

06 желтоқсан, 2018, 10:42 3153 Түркістан облысы
Қазақстан шекарашылары дәрі-дәрмек контрабандасының жолын кесті

Барлығы 18 түрлі дәрі-дәрмек табылды.

ҚР шекарашылары "Новосібір - Ташкент" бағытымен қатынайтын пойызды тексеру барысында ірі көлемдегі контрабандалық медициналық дәрі-дәрмектерді тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сарыағаш шекара отрядының "Сарыағаш-теміржол" өткізу бөлімшесінде шекарашылар кеше таңертеңгілік уақытта "Новосібір - Ташкент" бағытымен қатынайтын № 370 пойызды тексеру барысында, қызметтік иттің көмегімен вагондардың бірінен, жасырын әкетіліп бара жатқан ірі көлемді (18 түрлі, барлығы 2000 данадан аса), ешқандай рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмек өнімдерін, 582 дана газ есептегіш құралдарын, 500-ге жуық қытай пиротехникасын және 10 қорап пилорама лентасын тапты. Күдікті ретінде 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды (вагон жолсерігі)", - делінген хабарламада.

Тәркіленген заттар актіленіп, Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар