Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды

04 қазан, 10:26 1026 Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан стратегиялық маңызы зор екі нысанды мемлекеттік меншікке қайтарды

Қазақстан осыған дейін америкалық компанияның жекеменшігінде болған екі суэлектростанцияны мемлекет меншікке қайтарып алды.

Қазақстан Республикасы мен американдық AES Corparation компаниясы арасындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.

Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қазанында «AES Өскемен СЭС» ЖШС және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС - екі концессия объектісінің 100% қатысу үлестері республикалық меншікке алынды.

Өскемен су электр станциясы және Шүлбі су электр станциясы аталған компаниялардың активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен СЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі СЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі осы компаниялардың Бас директоры етіп Асқар Балабатыровды тағайындады. Асқар Балабатыров 1992 жылы Алма-Ата энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-да, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-да, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-да және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-да жұмыс істеген, электр энергетика объектілерін басқару жұмысында айтарлықтай тәжірибе иен білімге ие.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар