Қазақстан Тәжікстанға 3,9 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан Тәжікстанға 3,9 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті

20 ақпан, 11:06 594
Қазақстан Тәжікстанға 3,9 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті

Бұл қаражат ҚР Үкіметінің шешімімен Тәжікстанға 10 мың тонна, жалпы алғанда 167 цистерна жылыту мазутын жеткізу мақсатында бөлінді.

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Тәжікстанға 10 мың тонна, жалпы алғанда 167 цистерна жылыту мазутын жеткізу мақсатында 3,9 млн АҚШ доллары бөлінді", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Елші Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа әкелінген жүктің куәлігін тапсырды.

Елші Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқандығын және оның жалпы сомасы 2006 жылдан бері 34,5 млн АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары