Қазақстан Тәжікстанға қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсетеді

28 желтоқсан, 2018, 12:13 3405
Қазақстан Тәжікстанға қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсетеді

Сәйкесінше келісімге екі ел Үкіметтері арасында қол қойылды.

Қазақстан Тәжікстанға қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсетеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы Астанада өткен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Жанжүменовтің Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Өкілетті елшісі Назирмад Ализодамен кездесуі барысында белгілі болды.

Кездесу барысында тараптар Тәжікстан Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #көмек көрсету #келісім #қол қою

Читайте также

Похожие новости