Қазақстан туы Пхёнчхандағы олимпиада ауылында көтерілді - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан туы Пхёнчхандағы олимпиада ауылында көтерілді

07 ақпан, 15:16 873
Қазақстан туы Пхёнчхандағы олимпиада ауылында көтерілді

Салтанатты шараға ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, спортшылар және қазақстандық спорт делегациясының мүшелері қатысты.

 

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласындағы олимпиада ауылында Қазақстан туын көтеру рәсімі болды. Бұл XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спорт делегациясының ресми түрде жеткенін білдіреді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спортшылар, жаттықтырушылар қазақстандық журналистер қатысты.

"Мен ту көтеру рәсіміне алғаш рет қатысып тұрмын. Осымен үшінші Олимпиадаға қатысып жатырмын, бірақ тек ашылу салтанатына ғана барғанмын. Мұндай шарада ойынға қатысатын барлық спортшы бір-бірімен кездеседі және бұл бізге күш береді. Бәрімізге өте ұнайды", - деді могулшы Юлия Галышева.

Қысқы Олимпиада ойындарында 57 олимпиадалық лицензияны ұтып алған 46 спортшы Қазақстан атынан сайысқа түседі. Біздің спортшыларымыз спорттың 9 түрінен өнер көрсетеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяға фристайл-акробаттар мен мәнерлеп сырғанаушылардан басқа, айтарлықтай барлық спортшымыз жетті. Олар осы аптада ойын кестесіне қарай келіп жетеді деп күтілуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Пхёнчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарын "ХАБАР", "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхёнчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньки спортынан бәсекелер өтеді.

Қазақстан атынан ойындарға 62 спортшы қатысатынын осыған дейін хабарлағанбыз. Спортшыларға Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сәттілік тілеген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары