Қазақстан тұңғыш рет парадзюдодан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

19 қараша, 2018, 18:03 1612
Қазақстан тұңғыш рет парадзюдодан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

Олжас Оразалыұлы қарсылас шақ келтірмей алтын медальді иеленді.

Қазақстан тұңғыш рет парадзюдодан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. 16-18 қараша аралығында Партугалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында отандасымыз Олжас Оразалыұлы қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды BNews.kz "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"60 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуанымыз 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшымыз Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.

Айта кетейік, бұл алтын парадзюдодан ел тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Осылайша, еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдоист қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10 орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар