Қазақстан жанармай бағасы арзан 20 елдің қатарында – Бозымбаев - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан жанармай бағасы арзан 20 елдің қатарында – Бозымбаев

23 ақпан, 17:49 1619 Астана
Қазақстан жанармай бағасы арзан 20 елдің қатарында – Бозымбаев

Қазақстан жанармай бағасы арзан 167 мемлекеттің арасында 15-ші орынды иеленді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан жанармай бағасы арзан 20 мемлекеттің  қатарында, деп хабарлады Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомствоның бүгін өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Халықаралық Global petroleum prices рейтинг агенттігі ай сайын жанар-жағармай бағасы ең арзан елдер тізімін жасайды.  Сараптама үшін жоғарыоктанды жанармай мен дизель отынының бағасы сарапқа алынады. Рейтингтік тізімде 167 елдің баға көрсеткіштері бар.

"2018 жылдың 19 ақпанына сәйкес жанармай рейтінгінде Қазақстан жанармай бағасы ең арзан елдер қатарында,  бір литр жанармай үшін 56 цент бағасымен 15 орынды иеленді. Дүниежүзі бойынша бір литр бензиннің шамамен орта бағасы 1 доллар 15 центті құрайды. Жанармайы ең арзан мемлекет болып Венесуэла саналады. Онда бір литр жанармай 10 цент тұрады. Ал ең қымбат бензин Исландияда. Оның бағасы 2 доллар 10 цент", - деді Бозымбаев.

Дизель отыны бойынша Қазақстан бір литрге 50 цент бағасымен 14-ы орынды иеленді. Дүниежүзі бойынша оның орташа бағасы 1 доллар 4 цент тұрады.

"Егер ТМД елдерімен салыстыратын болсақ, бізден 0,43 центке арзан жанармай тек Туркіменстанда болса, ал дизель отыны Әзірбайжан мен Түркіменстанда арзанырық", - деді Энергетика министрі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары