Қазақстан жанармай мен мұнай өндірісін арттырды

14 қаңтар, 2019, 13:01 1668
Қазақстан жанармай мен мұнай өндірісін арттырды

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан жанармай мен мұнай өндірісін арттырды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өткен жылы өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,1%-ды құрады.

"2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды", - делінген хабарламада.

Мұнай, газ конденсатын қосқанда, 90,4 млн тонна өндірілген, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104,8%-ға жоғары.

Бензин 2017 жылдағыдан 129,8% артық өндірілген, яғни - 4 млн тонна.

Дизельдік отын 2018 жылы 4,7 млн тонна өндірілді, бұл көрсеткіш 2017 жылғымен салыстырғанда 107,4%-ға жоғары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#мұнай-газ #жанармай

Читайте также

Похожие новости