Қазақстан-Беларусь парламентаралық ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығады

Написать нам
31 қазан, 2018, 18:07 3755
Қазақстан-Беларусь парламентаралық ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығады

Келіссөз барысында екі мемлекеттің инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға баса назар аударылды.

Минскіде ресми сапарда жүрген Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусьтің Ұлттық жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесушілер екі мемлекеттің заң шығару органдары ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын, ондағы біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру мен экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі міндеттерді шешу мақсаттары көзделгені туралы беларус тарапын хабардар етті.

ТМД, ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ-ның парламентаралық бірлестіктерін парламенттік дипломатиядағы негізгі бағыттар ретінде атаған Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел осы халықаралық ұйымдардың аясында күш-жігерді үйлестіріп әрі бір-біріне өзара қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Қазақстан делегациясы басшысының пікірінше,  мемлекеттердің көптарапты байланыстарына парламентшілер қосымша серпін бере алады.

Келіссөз барысында екі мемлекеттің инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға баса назар аударылды.

Михаил Мясникович екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізу және екі елдің экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын белсенді жүргізу, студенттер алмасуын дамыту, туристік саяхаттарды дамыту қажеттігі туралы айтты. Республика Кеңесінің Төрағасы қазіргі кезде Қазақстан белсенді түрде қатысып жатқан қытайлық "Бір белдеу, бір жол" стратегиясын іске асыру аясында Беларусьтің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалану маңызды екенін атап өтті. 

Қазақстан парламенттік делегациясының басшысы Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен де кездесті. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Беларусь қатынастарының даму қарқынын, парламентаралық үнқатысу оның маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың орны туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды Палата депутаттарының заңнамалық тұрғыда қолдауы маңызды екенін айтты.

Сенат Төрағасы Жеңіс ескерткішіндегі мәңгілік алауға гүл қойды және Беларусь мемлекеттік Ұлы Отан соғысының тарихы мұражайында болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар