Қазақстанда 1 тамызда жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанда 1 тамызда жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде

01 тамыз, 09:18 2144
Қазақстанда 1 тамызда жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде

Алайда Маңғыстау мен Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Атмосфералық фронттардың  өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады деп күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға ілтеме жасап.

Қостанай, Ақмола облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Павлодар облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды, күндіз Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының  кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей  жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары