Қазақстанда 2018 жылдан бастап Кедендік электрондық декларациялау басталады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанда 2018 жылдан бастап Кедендік электрондық декларациялау басталады

28 желтоқсан, 15:25 2232 Астана
Қазақстанда 2018 жылдан бастап Кедендік электрондық декларациялау басталады

Мұндай үлгіде жұмыс жасау жаңа Кеден кодексі аясында іске асырылады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кеден кодексінің күшіне енуі күтілуде.

Бұл құжат бизнестің тікелей қатысуымен дайындалды және кедендік рәсімдерді оңайлатуға, уақыттық және қаржылық шығындарды төмендетуге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің либералды шарттарын орнатады.

Кодекстің негізгі новелласы – электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы. Енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана авариялық жағдайлардағы ақпараттық жүйелердің ақаулары сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Бұдан басқа қағаз түріндегі декларация транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ халықаралық тасымал көлік құралын декларациялау кезінде ұсынылады.

Заңнаманы бұзу тәуекелі жоқ болған жағдайда кедендік декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз – ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну бойынша қағидалар едәуір пысықталды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерге ұқсас алдын ала ақпаратты жеткізілімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты үшін ұсыну қажеттілігі енгізілді.

Бұл ретте кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсаты үшін біруақытта бірнеше кедендік операциялар кезінде қолданыла алатын қосымша алдын ала ақпраратты ұсыну қарастырылған.

Бизнесті жүргізуді оңайлату мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік баждарды кейін төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Үш типті куәлікті енгізумен уәкілетті экономикалық операторлар институты жетілдірілді.

Бірінші типті куәлік Еуразиялық экономикалық одағының барлық аумағында тауарлардың транзиті кезінде оңайлатуларды қолдануға мүмкіндік береді.

Куәліктің екінші типі бойынша тауарларды тікелей Қазақстан Республикасы аумағында кедендік тазарту кезінде оңайлатуға болады.

Куәліктің үшінші типі уәкілетті экономикалық операторлардың бірінші және екінші типтері үшін ұсынылатын кешенді оңайлатулармен қолдануға мүмкіндік береді.

Еуропалық одақ елдерінде қолданыстағы тәжірибеге ұқсас Қазақстан Республикасына келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа елдер арасында тасымалдайтын тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сату мүмкіндігіне жол беріледі.

Кедендік заңнаманың барлық жаңашылықтары мен оңайлатулары сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетумен отандық экономиканы дамыту үшін жағдай жасауға арналған.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексіне қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары