Қазақстанда 2018 жылдың үздік спортшылары таңдалды

05 желтоқсан, 2018, 11:58 1728 Астана
Қазақстанда 2018 жылдың үздік спортшылары таңдалды

Ұлттық спорттық жүлде-2018 онлайн дауыс берудің нәтижесі шығарылды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады. Астанада Ұлттық спорттық жүлде-2018 марапаттау рәсімі өтті. Оған танымал спортшылар мен жас чемпиондар, ел спортына еңбегі сіңген ардагерлер мен спорт саласын басқаратын тұлғалар жиналды, деп хабарлады ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар бүгін түнде анықталды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, жанкүйерлер жүлде лауреаттарын тоғыз аталым бойынша Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады.

Айта кетелік, биыл өтінімдер ұлттық федерациялардан қабылданып, кейін ҰОК спорт Дирекциясы 2018 жылғы Жүлде үміткерлерінің тізімін құрды.

2018 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің жеңімпаздары:

"Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" – Юлия Галышева;

"Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" – Дмитрий Алексанин;

"Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер" – Елена Круглыxина;

"Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер" – Әлия Юсупова;

"Үздік жас спортшы" – Бекарыс Сәдуақас;

"Жылдың үздік командасы" – Су добынан ерлер командасы;

"Жыл жаңалығы" – Глеб Брусенский және Евгений Федоров;

"Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация" – ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы;

"Үздік аймақ" – Шымкент қаласы.

Арнайы мүсінше барлық жеңімпаздарға табысталды. Тек қысқы маусымның басталуына байланысты, 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева салтанатты рәсімге келе алған жоқ. Бүгінде Финляндияның Рука қаласында жарысқа дайындалып жатыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар