Қазақстанда 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

07 желтоқсан, 2018, 10:51 2852 Астана
Қазақстанда 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Мемлекеттік сыйлықты лауреаттарға беру туралы Жарлыққа 7 желтоқсанда қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты лауреаттарға беру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік сыйлық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін, авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін, авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін беріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған сыйлыққа ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгереева – "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ал ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаев – "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін ие болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар