Қазақстанда 26 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

26 қазан, 2018, 09:17 3476
Қазақстанда 26 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек еліміздің батысы мен мен солтүстік-батысында кей жерде жаңбыр жауады.

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек еліміздің батысы мен мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерде тұман, екпінді жел болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел жылдамдығы 18-23 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Aтырау, Aқтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Aтырау облысында – түнде және таңертең тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #Қазгидромет

Читайте также

Похожие новости