Қазақстанда алдағы күндері ауа райы салқындайды

15 Августа, 2018, 14:47 2766
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы салқындайды |  | BNews.kz

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсетін болады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 16-18 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсетін болады, онымен республиканың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел болады, күндізгі уақытта бұршақ түсуі мүмкін, түнде температура 7-15 дейін, күндіз 18-25 градус жылынуы мүмкін. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормаға жуық болады, 17-18 тамызда елдің оңтүстік-шығыс және шығысының кей жерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости