Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн жылынады

22 қазан, 2018, 13:42 2037
Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн жылынады

Синоптиктердің мәліметінше, Ресейдің Еуропа бөлігінде ұзақ уақыт жылы ауа ұстап тұрған антициклон шығысқа жылжи бастады.

Қазақстанда алдағы үш тәулікте күннің жылынуы күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Ресейдің Еуропа бөлігінде ұзақ уақыт жылы ауа ұстап тұрған антициклон шығысқа жылжи бастады және алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райын белгілейтін болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Жылы және жауын-шашынсыз ауа райы республиканың көптеген облыстарында күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында күндіз ауа плюс 15-20 градус, кей жерлерде плюс 23-25 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік, орталық және шығыс аудандарында температура плюс 5-15 градус күтіледі, ол климаттық нормадан 3-8 градус жоғары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар