Қазақстанда Apple Pay мобильді төлемдер қызметі іске қосылды

28 қараша, 2018, 14:56 1665 Астана
Қазақстанда Apple Pay мобильді төлемдер қызметі іске қосылды

Енді ЦКБ клиенттері Apple Pay қызметін қолдайтын кез келген Apple құрылғысының көмегімен сауда жасай алады.

Бүгін ЦентрКредит Банкінде Apple Pay контактісіз мобильді төлемдер жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның Маркетинг және PR департаментіне сілтеме жасап. 

"Бұл сервис сатып алған тауарыңыздың құнын Apple құрылғысы арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Төлем жасау үшін Apple құрылғысын төлем терминалына жақындатсаңыз болды. Apple Pay қосымшасына Visa немесе Mastercard карталарын, оның ішінде контактісіз төлем жасау технологиясын қолдамайтын карталарды да қосып, гаджетіңізді әрқашан қалтаңыздан табылатын ыңғайлы төлем құралына айналдыруға болады", - деп хабарлады банк өкілдері.

"Банк ЦентрКредит" АҚ-ның Маркетинг және PR департаментінің мәліметінше, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау – Apple Pay жүйесінің негізгі принциптері. Картаны Wallet қосымшасы арқылы Apple Pay жүйесіне тіркеген кезде, оның деректері құрылғыда да, Apple серверлерінде де сақталмайды. Оның есесіне құрылғының есептік жазбасының бірегей нөмірі құрылады және ол шифрланып, клиенттің құрылғысының "Қауіпсіз Элемент" чипінде қауіпсіз сақталады. Бірден жасақталатын бірреттік бірегей құпия код бойынша әрбір транзакция авторизацияланады. Сауда орындарында iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі модельдерді, сондай-ақ Apple Watch пайдаланып, Apple Pay көмегімен төлем жасауға болады.

Apple Pay жүйесі NFC хаттамасы бойынша тек қана контактісіз төлемдерді қабылдайтын терминалдарда ғана жұмыс істейді (PayPass немесе PayWave белгісі болу керек). Транзакция жасау үшін саусақ бедерінің (Touch ID), бет-әлпетті айқындау жүйесінің (Face ID) көмегімен немесе пароль арқылы жеке тұлғасын растау қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар