Қазақстанда ауа райы бірден суытады

28 қараша, 2018, 13:25 312
Қазақстанда ауа райы бірден суытады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады.

Синоптиктердің болжауынша, жылы ауа райынан кейін алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.

"Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, соның салдарынан қар жауады, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады, сондай-ақ оңтүстік аймақтың жартысында тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар