Қазақстанда ауа температурасы бес градусқа дейін төмендейді

10 тамыз, 2018, 15:33 3094
Қазақстанда ауа температурасы бес градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығыс бөлігінде ауа райының әртүрлі құбылатыны туралы ескертті.

11-13 тамыз аралығында елдің басым бөлігінде температураның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсуі жалғасуда, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр, кей жерде күшті күн күркіреп, қатты дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін.

"Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде температураның 5-15 дейін, күндіз 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі ықтимал. Батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуімен күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар