Қазақстанда дрондарды бақылау бойынша британдық модель енгізіледі

15 Сентября, 2018, 14:09 2967
Қазақстанда дрондарды бақылау бойынша британдық модель енгізіледі |  | BNews.kz

Бұл ұшатын аппараттарға бақылау және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылмақ.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшатын аппараттарға бақылау және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру үшін британдық модельді енгізу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Комитеттің хабарлауынша, осы жұмыстардың аясында әуе кеңістігінде ұшқышсыз әуе аппараттарын пайдалануды реттеу үшін жаңа тиімді тәсілдер әзірленетін болады.

"Ал қазір мысал ретінде, әуеде бейне түсірілім жасап жүрген аппараттың Ми-2 тікұшағының қасынан өтіп, қауіпті жағдайды тудырғанын көруге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13869

Похожие новости