Қазақстанда екі ірі мекеменің басшысы қомақты парамен ұсталды

17 шілде, 2017, 16:45 992
Қазақстанда екі ірі мекеменің  басшысы қомақты парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті  ҚР ІІМ ТЖК АҚ «Қазавиақұтқару» бас директоры М.Д. Досымбековті және ҚР АШМ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры Т.Т. Сексенбаевті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Вnews.kz7

2017 жылы 13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті құны 12 млн. АҚШ доллары тұратын «МИ-171Е» маркалы тікұшақты сатып алуға жасалған келісімшартқа қол қою үшін шетелдік компания басшысынан 50 мың АҚШ доллар көлеміндегі параның бір бөлігін алғаннан кейін, ҚР ІІМ ТЖК АҚ «Қазавиақұтқару» бас директоры М.Д. Досымбековті және ҚР АШМ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директоры Т.Т. Сексенбаевті қылмыс үстінде ұстады.

Параның жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларын құрады. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #қылмыс

Читайте также

Похожие новости