Елімізде І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

05 қараша, 2018, 10:47 1885 Астана
Елімізде І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог құру болып табылады.

9 қараша күні Астанада Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форум өтеді. Форумды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Форум Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығына орайластырылған.

Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог және көрсету алаңын құру болып табылады. Шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады.

Форумның шеңберінде энергия үнемдеудің өзекті мәселелері, соның ішінде өнеркәсіптегі, қалалық орта мен ТКШ-дағы энергия тиімділігі, энергия тиімділігін стандарттау және таңбалау мәселелері талқыланатын болады. Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасы тұжырымдамасының таныстырылымы өтеді.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар