Қазақстанда инвестциялар тарту үшін барлық жағдай жасалған – Еуропа Парламентінің депутаты

19 шілде, 2018, 15:14 2504 Астана
Қазақстанда инвестциялар тарту үшін барлық жағдай жасалған – Еуропа Парламентінің депутаты

Сондай-ақ, Ивета Григуле инвестициялар саласында Қазақстанмен тығыз жұмыс жасалып жатқанына ризашылығын білдірді.

Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Арнайы экономикалық аймағы қатысушыларының IV съезі барысында Еуропа Парламентінің депутаты Ивета Григуле Қазақстанда инвестциялар тарту үшін барлық жағдай жасалған айтып, инвестициялар саласында Қазақстанмен тығыз жұмыс жасалып жатқанына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ивета Григуле өзінің Еуроодақ, Еуропарламент өкілі екенін мақтан тұтатынын ерекше атап өтті.

"Сіздердің Президенттеріңіз айтқандай, 2050 жылға қарай Қазақстан ең дамыған 30 елдің қатарында болады. Алайда, ол үшін экономиканы дамыту, инвестициялар өте маңызды. Осы орайда, мен дәл осы елде Еуроодақ, Еуропарламент өкілі екенімді мақтан тұтамын. Себебі, Еуроодақ пен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы қарым-қатынас ешқашан мұншалықты жақсы болған емес", - деді ол.

Сондай-ақ, Еуропа Парламентінің депутаты Қазақстанда арнайы экономикалық одақтар бар екенін айтты.

"Еуропарламент кәсіпкерлері сіздер үшін өте қолайлы, олар заңнаманы сақтайды және "ойын" ережелеріне жауапкершілікпен қарайды. Сол себепті, жаңа инвестициялар үшін заңды негіз болуы өте маңызды. Қазақстанда инвестциялар тарту үшін барлық жағдай жасалған, арнайы экономикалық одақтар бар. Сонымен қатар, біздің алдымызда ауқымды жұмыстар да бар", - деп сөзін түйіндеді Ивета Григуле.

Атамекен елдегі Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін жұмыс жасауға әркез дайын. Бұл жөнінде съезге қатысқан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов мәлімдеді.

"Арнайы экономикалық аймақтардың басты міндеті жаңа технологиялардың, зауыттардың үздік үлгісі болу еді. Ол үшін мемлекет үлкен қолдау көрсетіп келді. Қазір елімізде 11 арнайы экономикалық аймақ бар, олар шамамен 14,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Палата ретінде бұл біз үшін өте маңызды, біз арнайы экономикалық аймақ айналасында шағын және орта бизнес өкілдерінің көп саны шоғырланғанын сенімді айта аламыз. Бұл - жұмыс орны мен әлеуметтік аспектілер. Шағын және орта бизнес жақын орналасса, ол кәсіпорындардағы дамуды көреді де, өзі де осындай бәсекеге қабілетті болуға және жаңа өнімдер шығаруға ұмтылатын болады", - деді Қуаныш Бишімов.

Төраға орынбасарының сөзінше, барлық елдерде арнайы экономикалық аймақ кезеңі белгілі бір қиындықтарды бастан кешіреді.

"Бастысы, мемлекеттік органдар бізден алшақтаған жоқ. Сол себепті, бизнес және мемлекеттік органдармен бірлесіп, арнайы экономикалық аймақ пен бизнесті одан әрі дамыту үшін ықпал ететін ұсыныстарды әзірлеудің маңызы үлкен. Кей өңірде толық емес арнайы экономикалық аймақтар бар екенін білеміз. Қарағандыдағы проблема жайынан да хабардармыз және бұл уақытша деп үміттенеміз. Біз дәл осы арнайы экономикалық аймақ экспорт үшін, ішкі қажеттілік үшін алға жылжуы, дами түсуі керек екенін жақсы түсінеміз және біздер жаңа өнімдерге қол жеткізуіміз керек. Осы мақсатта жұмыс жасауға палата әркез дайын және ашық", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: