Қазақстанда минус 35 градусқа дейін аяз болады

19 Декабря, 2018, 14:58 1903
Қазақстанда минус 35 градусқа дейін аяз болады  |  | BNews.kz

Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады.

Синоптиктер қазақстандықтарға алдағы күндері қатты аяз болатыны туралы ескертті. 20-22 желтоқсанда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура -35°С-ге дейін төмендейдіы, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Суық арктикалық фронтпен байланысты алдағы тәуліктерде  республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасынмен бірге және екпінді жел күтіледі. Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклон және осы фронттың артынан жылжуы, жауын-шашынның тоқталуы және ауа температурасының суытуына алып келеді. Ал Қазақстанның таулы және тау бөктері аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады, мұнда әлі де аздаған қар, тұман және көктайғақ сақталады", - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура -30...-35°С-ге дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 6…9°С климаттық нормадан төмен.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости