Қазақстанда некені үш күн ішінде тіркеуге мүмкін болады
Сондай-ақ, өтініш берген күннен бастап 2 айға дейінгі уақыт аралығында некелесу күнін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Енді елімізде некені үш күн ішінде тіркеуге мүмкін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
"Нормативтік базаны жетілдіру аясында біз 43 актіге және 10 кодекске 500-ден астам түзетулерді қарастыратын заң жобасын құрдық. Бұл заң жобасында дедомствоаралық комиссияның ұсынымдары аясында 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған бірқатар түзету бар", - деді Дәурен Абаев.
Мысал ретінде министр некені тіркеу қызметін оңтайландыруды атап өтті.
"Оңтайландыру қызметі бойынша некені тіркеу мерзімін 1 айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтініш берген күннен бастап 2 айға дейінгі уақыт аралығында некелесу күнін таңдау мүмкіндігі беріледі", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.
Сонымен қатар, жаңа заңнамада салық төлеушілер төлейтін артық соманы автоматты түрде қайтару және мемлекеттік қызметтерді тек бір нормативтік актімен реттеу қарастырылған.
Барлығы 3,5 мыңнан астам стандарт пен ереже жою қарастырылған. Бұдан басқа, түзетулер аясында "пилоттық жобаның" тұжырымдамасын енгізуді жоспарлап отыр. Аталған қызметті жақсарту кезінде бұл процесті алдын ала тексеруге, тәуекелдерді анықтауға, оны беру сатыларын түзетуге мүмкіндік беріледі", - деп сөзін толықтырды министр. Оның сөзінше, бұл да мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мерзімін қысқартады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Энергетика министрлігінде қысқарту жүргізіледі
-
"Қобыланды батыр" жырын жатқа айтатын оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін
-
Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысында мұнай өндіру саласының жұмысымен танысты
-
2018 жылы мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс саны 63%-ға қысқартылды
-
Қазақстандықтар mGov қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін алып, тағы 11 қызмет түрін пайдалана алады
-
Түркістанда электрондық мемлекеттік қызмет түрі 85 пайызға жетті
-
Шымкентте мемлекеттік қызмет мектебіне қаланың үздік студенттері іріктелді
-
Дәурен Абаев e-Gov порталында қандай қызметтер жиі пайдаланылатынын атады