Қазақстанда Тұңғыш Президенті күні аталып өтуде

01 желтоқсан, 2018, 11:41 2626 Астана
Қазақстанда Тұңғыш Президенті күні аталып өтуде

1992 жылы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент атанды. Ол жылы Мемлекет басшысы 98,7% дауысқа ие болған еді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Қазақстандықтар бұл мерекені алғашқы рет 2012 жылы атап өткен, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында жаңа мерекені бекіту туралы ұсынысты депутаттар тобы алға тартты. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңына толықтырулар енгізу туралы" заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. 

Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Нұрсұлтан Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар