Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды

20 қараша, 2018, 13:34 1632
Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды

Биыл емхана таңдау құқығын 300 мыңға жуық адам пайдаланған.

Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Биылғы тіркеу науқанына еліміз бойынша 607 медицина ұйымы қатысты. Оның 82-сі шараға тұңғыш рет қатысып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Биыл емхана таңдау құқығын 300 мыңға жуық адам пайдаланған. Бәрінен Шымкент, Алматы, Астана қалалары, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары ерекше белсенділік танытқан.

"Компания нәтижесі бұл бастаманың Астана, Алматы сынды ірі қалалар үшін ғана емес, аймақтар үшін де маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл жолы қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы egov.kz порталы арқылы онлайн тіркеу қызметін таңдаған", - деді Забира Оразалиева.

Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты бұзса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда басқа емханаға ауысуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар