Қазақстанда Ұлыбританияның елшісі мемлекеттік наградамен марапатталды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанда Ұлыбританияның елшісі мемлекеттік наградамен марапатталды

27 желтоқсан, 18:07 1664 Астана
Қазақстанда Ұлыбританияның елшісі мемлекеттік наградамен марапатталды

Кэролин Браун Қазақстандағы дипломатиялық міндетін аяқтады. Ол бұл қызметті 2013 жылдан бастап атқарған, деп хабарлайды BNews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Кэролин Браунға Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың К. Браунды марапаттау туралы Жарлығына сәйкес, Елші Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы жемісті ынтымақтасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасына ие болды.

Қ. Әбдірахманов тиімді әрекеттестік пен саяси диалогтың дамуына, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын тамамдап жатқан К.Браунға алғысын білдірді. Еліміздің Лондондағы Елшілігімен тығыз ықпалдастықтың нәтижесінде британдық дипмиссияның басшысы Қазақстанды Ұлыбританияның Орталық Азия елдерінің ішіндегі стратегиялық әріптес ретіндегі мәртебесін бекітуге жәрдемдесті.

«Кэролин Браунның 5 жылға жуықтаған қызметі барысында (2013 жылдан бастап) Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілді, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастырылды. Белсенді саяси диалог пен іскерлік топтардың байланыстары бұның айғағы болып табылады», - делінген баспасөз қызметінде.

Екіжақты байланыстарды күшейтуге бағытталған үлесін жоғары бағалағаны үшін К. Браун Қазақстан басшылығына шынайы алғысын білдірді. Ол бірқатар бірлескен іс-шараларды сәтті жүзеге асыруына жол ашқан қазақстандық дипломаттарға британдық елшілігімен жемісті әрекеттескені үшін ризашылығын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары