Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Написать нам
17 қазан, 2018, 16:49 2330
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

"Орда" ипотекасы осы айдың соңына қарай қазақстандықтарға қол жетімді болады.

Қазақстандағы ең ірі банктік емес қаржы институттарының бірі "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингінің" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосу туралы жариялады. Осы айдың соңына қарай "Орда" ипотекасы қазақстандықтарға қол жетімді болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның жаңа ипотекасы Қазақстанның барлық тұрғындарына бастапқы және қайталама тұрғын үй нарығынан, олардың жеке меншігінде басқа тұрғын үйдің бар-жоғына қарамастан, жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді. Несиелендіру екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады, олар "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның тұтынушыларды тарту мен қарыз беру бойынша серіктестері ретінде әрекет етеді.

Төлем қабілеттілігін толық растаған кезде, қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз мөлшерлемесі жылдық 12%-ды, кірісті ішінара растаған кезде жылдық 14%-ды құрайды. Қарыздың ең көп сомасы – 40 млн теңгені, ең азы 1 млн теңгені құрайды. Қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Қазақстанның 16 қаласында ипотека қолжетімді болады. Жасы 21-ден жоғары Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. Несиені өтеу сәтінде Қарыз алушының немесе Қосалқы қарыз алушының жасы зейнеткерлікке шығатын жастан аспауы тиіс.

"Орда" ипотекасы кіріс толық расталған кезде тұрғын үй құнының 30%-нан бастап және ішінара расталған кезде 50%-нан бастап бастапқы жарна төлеуді көздейді. Бұл ретте бастапқы жарна қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепілмен ауыстырылуы мүмкін.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов қарыз алушылар өздері үшін ыңғайлы бастапқы параметрлерді таңдап, өздеріне ұнаған кез келген тұрғын үйді сатып ала алатынын айтты.

"Өз миссиямызды орындай отырып, әртүрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруда біз көптеген қазақстандықтардың өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуына мүмкіндік беретін ипотеканы әзірледік. Оңтайлы сыйақы мөлшерлемесі, реттелетін қарыз мерзімі мен бастапқы жарна мөлшері, кірісті ішінара растау мүмкіндігі, сондай-ақ қарыздың ең көп қомақты сомасы – бұл бүгінгі күні нарықтағы қажет болатын икемді талаптар. Қарыз алушылар өздері үшін ыңғайлы бастапқы параметрлерді таңдап, ай сайынғы қолайлы төлемді анықтайды және өздеріне ұнаған кез келген тұрғын үйді сатып ала алады", - деді Әділ Мұхамеджанов.

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының "Ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" бағытын жүзеге асыру аясында серіктес банктер арқылы ипотекалық өнімдерді насихаттау тәжірибесі бар Компания екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеудің ұқсас схемасын қолдануға ниетті: клиент пәтерді өз бетінше таңдайды және серіктес банкпен байланысады, серіктес банк қажетті құжаттарды қабылдайды және Компанияға өтiнiш жiбередi, Компания өз кезегiнде қарыз алушының төлем қабiлеттiлiгiн тексередi және Банкке өз шешiмiн ұсынады.

Өтінімді қарау мерзімі бағдарламада келісілген жағдайларды қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайды. Қарыз мақұлданған кезде кепіл ұстаушы және кепіл беруші ретінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы әрекет етеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: