Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелері тіркелген тұрғындарды онлайн түрде біле алады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелері тіркелген тұрғындарды онлайн түрде біле алады

Написать нам
22 қазан, 2018, 18:57 1577 Астана
Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелері тіркелген тұрғындарды онлайн түрде біле алады

eGov.kz порталында онлайн режимінде "тіркеу кітабы" қолжетімді болды.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірігіп eGov.kz порталында "Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру" атты жаңа қызмет көрсетіле бастады, деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Енді жылжымайтын мүлік иесінің баспанада тіркелген тұлғалар туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Бұл дегеніңіз, пәтер/үй иесі оның пәтерінде/үйінде тіркелген барлық тұлғалар туралы ақпаратты бір анықтама арқылы алады деген мағынаны білдіреді", - делінген хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қызметті пайдалану үшін түрғын үй иесі eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік – Тұрғын үй қатынастары" бөлімінде қызметті таңдап, оған тапсырыс береді, кейін көрсетілген тізімнен жылжымайтын мүліктің тиісті объектісін тауып, SMS-пароль немесе ЭЦҚ арқылы тапсырысын растайды.

"Таңдалған жылжымайтын объектісі бойынша тіркелген жеке тұлғалардың тізімі қоса берілген мекенжай анықтамасы тапсырыс берілген қызмет түрінің нәтижесі болып саналады", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Қызмет тегін көрсетіледі, қызмет көрсету уақыты 15 минуттан аспайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар