Қазақстанда жұмыссыздар саны азайып келеді - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанда жұмыссыздар саны азайып келеді

16 шілде, 11:35 1634
Қазақстанда жұмыссыздар саны азайып келеді

2018 жылғы маусымда жұмыссыздар саны 434,4 мың адамды құрады.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі маусым айында 4,8%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды BNews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы маусымда жұмыссыздар саны 434,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,8%-ын құрады.

2018 жылдың маусым айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 149,5 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құрады.

2018 жылдың мамыр айында халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары 2017 жылғы мамырға қарағанда 5,21%-ға жоғары, нақты ақшалай табыс 1,1%-ға төмендеді.

2018 жылдың маусым айындағы бақылауға сай, қызметкердің орташа айлық жалақысы 163604 теңгені құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары