Қазақстандағы автопарктердің 190 лауазымды тұлғасы жазаланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандағы автопарктердің 190 лауазымды тұлғасы жазаланды

23 ақпан, 13:03 1260
Қазақстандағы автопарктердің 190 лауазымды тұлғасы жазаланды

"Автобус" жедел-алдын алу шарасы барысында 312 заңсыз қайта жабдықтау фактісі анықталды.

Жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталды, міндетті түрде техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі анықталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп өткізілген кең ауқымды "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев автобус жүргізушілерінің кінәсінан 500-ден астам жол-көлік оқиғасы болатынын атап өтті.

"Жолаушылар тасымалдау көлігі еліміздің бірыңғай көлік жүйесінің негізгі бөлігі және автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жай емес – Қазақстанда жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінан 500-ден астам жол-көлік оқиғасы болады, нәтижесінде шамамен 60 адам қайтыс болып, 800-ден астам адам жарақаттанады", - дейді Ерлан Тұрғымбаев. 

Жолаушы көліктерінің апатына жасалған талдау көрсеткендей, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі көлік тәртібінің төмен болуы, тиісті бағытталған алдын алу жұмыстарының және лауазымдық тұлғалар мен бағытқа жолаушы автокөлігін шығаруға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылау жүргізілмеуінен орын алғандығын дәлелдейді. Осындай бұзушылықтардың орны алғаны үшін сомасы 5,7 млн теңгеден астам айыппұл салынған автобус паркінің 190 лауазымдық тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында барлығы қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимі бұзылған – 166 жағдай, 245 тиісті куәліксіз жүргізу фактісі, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы бойынша – 594, жылдамдықты асыруда – 1 135 факті, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану бойынша 3,5 мыңнан астам факті, жолаушыларды заңсыз тасымалдауға байланысты 195 факті анықталды.

"Өздерінің жолаушыларына ғана емес, өздеріне де жауапты автобус жүргізушілерінің көлік құралын масаң күйде жүргізуінің 14 фактісі анықталды. Сонымен қатар, есірткіге масайған күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталған фактілер де бар. Ақтөбе облысында есірткімен масаю күйінде жолаушы көлігін басқарған жүргізуші ұсталды, қалалық бағытта қызмет көрсеткен оның автобусында жолаушылар болған", - деп белгіледі министр орынбасары.

Тексерілген әрбір алтыншы көлік құралында техникалық ақауы бар бола тұра, олардың жартысынан көбінде рейс алды бақылаудан өткені туралы белгісі болған. 312 заңсыз қайта жабдықтау фактісі анықталды, сонымен қатар көптеген фактілерде отыру орындары алынып тасталған және жатын орындарға айналдырылған немесе жүк қоятын бөлікке айналдырылған. Мысалға, Қарағанды облысында полицейлер Алматыдан Екібастұзға бағытталған автобусты тоқтатқан кезде тексеру барысында барлық артыңғы секторы кереуеттермен жабдықталған, ал жүргізушіде қажетті рұқсат беру құжаттары мен лицензиясы болмаған.

Сонымен қатар, жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталды, міндетті түрде техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі анықталды.

Айқындалған бұзушылықтар, жүйелі емес тасымалдауды ұйымдастырудың бірыңғай талаптарының болмауы және автокөлік құралын рейс алдында тексерудің үстірт өткізілетінін көрсетеді.

"Автобус" операциясының нәтижелері бойынша қауіпсіздікті және жолаушыларды автомобильдік көлікпен тасымалдау жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды, олар көлік және коммуникациялар саласында уәкілетті орган ретінде ИДМ-ға одан әрі қарай жетілдіру үшін жолданатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары