Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды – Қасымбек - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды – Қасымбек

20 шілде, 14:10 2686
Қазақстандағы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды – Қасымбек

Биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осы жылы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл өткен жылдан 28,4% артық. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Инвестцииялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл өткен жылдан 28,4% артық.

Құрылыс саласында биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Республика бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар.

"Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканы одан әрі дамыту және төлем қабілеті бар халықты қолдау мақсатында "7-20-25" жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы енгізілді. Биыл тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд. теңге инвестиция бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 28,4% жоғары. Төмен пайызды ипотека жаңа құрылыстан баспана алуға беріледі. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1,1 млрд. теңге болатын 95 ипотекалық кредит мақұлданды", - деп хабарлады министр. 

Министрдің айтуынша, инвестиция құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 3 есе өсті.

"Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы салалар инвестиция үшін тартымды болып келеді. Тікелей шетелдік инвестиция құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 3 есе өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2018 жылдың 6 айында 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8% артық. Біз 59 миллиард доллардан асатын 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрдық, ол 2020 жылға дейін жүзеге асырылады", - деді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: