Қазақстандағы университеттерде колледж түлектеріне білім беру мерзімін қысқарту жоспарлануда

12 қазан, 2018, 11:24 3841
Қазақстандағы университеттерде колледж түлектеріне білім беру мерзімін қысқарту жоспарлануда

Колледждерді бітіргенден ЖОО-ларда 4 жыл емес, 2,5-3 жыл оқитын болады.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында жаңа білім беру технологиясы енгізілмек. Оның аясында колледждерді бітірген студенттер жоғарғы оқу орындарында 4 жыл емес, 2,5-3 жыл оқитын болады. Бұл туралы саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков Президент Жолдауын түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол Достық үйінде өткен Елбасы Жолдауын талқылау күнінде басты мәселелердің бірі - білім беру сапасы екенін атап өтті.

"Осы жылдар ішінде көптеген оқу орындарын жабу мәселесі белгілі бір себептерге байланысты шешімін тапқан жоқ. Білім беру секторларын бизнес сияқты тиісуге болмайды деп есептелінеді, бірақ білім беру сапасы ұлттық қауіпсіздік саналады. Қазақстанда 800 колледж бар, олардың барлығы кредиттік білім беру технологиясына өтуі тиіс. Түлектер оқу орындарын тәмамадағаннан кейін жоғарғы оқу орындарына түсіп, 4 жыл емес, 2,5-3 жыл оқи алады. Ең бастысы - жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру. Президент бұл туралы бірнеше рет айтты. Үкіметтің қаулысына сәйкес, егер жоғары білім ошақтарын бітірген түлектер жұмысқа орналаса алмаса, бұл мамандықтар мен оқу орындары жабыла бастайды", - деді Шәріпбек Әмірбеков.

Оның айтуынша, көптеген жеке оқу орындары табысқа байланысты студенттер тартуға мүдделі. Енді мемлекет биыл оқуға түскендер саны мен төрт жылдан кейін бітіргендер санын бақылауда ұстайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар