Қазақстандағы үш тау шыңына жаңа атау беріледі - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандағы үш тау шыңына жаңа атау беріледі

10 тамыз, 18:47 2981 Түркістан облысы
Қазақстандағы үш тау шыңына жаңа атау беріледі

Ономастикалық комиссия үш бидің – Қазыбек, Әйтеке және Төле бидің құрметіне бұл шыңдардың атауын өзгерту туралы идеяны қолдады.

Қазақстандағы үш тау шыңына жаңа атау берілмек. Ономастикалық комиссия Қазыбек, Әйтеке және Төле бидің құрметіне Түркістан облысындағы үш тау шыңының атауын өзгерту туралы идеяны қолдады. Бұл туралы аймақта басталған "Бұл – біздің таулар!" фестивалінде белгілі болды. Үш күнге созылатын іс-шара "Сайрам-Өгем" мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.

Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері – Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш шыңға үш бидің аты беріліп, альпинистер сол үш шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары