Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелері тұрғындарды интернет арқылы тіркеуден шығара алады

24 желтоқсан, 2018, 15:39 2526
Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелері тұрғындарды интернет арқылы тіркеуден шығара алады

әрбір жылжымайтын мүліктің иесі үйден шықпай, пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару мүмкіндігі бар.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Енді, әрбір жылжымайтын мүліктің иесі үйден шықпай, пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару мүмкіндігі бар.

Ол үшін eGov.kz порталындағы қызметке өтіп және жылжымайтын мүліктің орналасқан өңірін таңдау жеткілікті. Бұл ретте, өтінішті растау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) фронт-офистеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет. 

Қызметтің нәтижесімен "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде танысуға болады.

"Қызмет көрсету нәтижесі азаматтың тіркеуден шықан мәртебесі көрсетілетін құжаттың дайындығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады. Бұрын осы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Егер де тіркелген жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтерінде мекенжайды тіркеу коды (МТК) болмаған жағдайда, онда осы тұлғалар тіркелген тұлғалар тізімінде көрсетілмейді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Азаматтарға арналған үкімет #онлайн-тіркеу #онлайн қызмет

Читайте также

Похожие новости