Қазақстанда жүк тасымалдау тарифтері 2018 жылдың қорытындысы бойынша 31%-ға өсті

10 Января, 2019, 19:06 1322
Қазақстанда жүк тасымалдау тарифтері 2018 жылдың қорытындысы бойынша 31%-ға өсті |  | BNews.kz

Өткен жылда елімізде инфляция 5,3%-ды құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінде айтып берді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"2018 жылы (2018 жылғы желтоқсан 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) инфляция 5,3%-ды құрады. Баға қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 12,4%, ауыл шаруашылығы өніміне – 7,8%, көтерме саудада – 5,6%, құрылыста – 3,9%-ға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері – 31,1%-ға, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс – 11,2%-ға, пошталық және курьерлік қызметтер 4,5%-ға жоғарылады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,1%-ға өсті.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости